22 қыркүйек 2022 08:46

Қонаевта екі әйелді зорлады деген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция үй тазалайтын қызметкерлерді көмекке шақырып, оларға зорлық көрсетті деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция үй тазалайтын қызметкерлерді көмекке шақырып, оларға зорлық көрсетті деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдердің айтуынша, бейтаныс ер адам оларға зорлық көрсеткен.

"Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші оқиғада 41 жастағы әйел күдіктінің құрбанына айнала жаздады", - делінген хабарламада.

Жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде күдіктінің есірткіге мас күйде болғанын айтқан.

Аталған дерек ҚК-тің 120-бабына (Зорлау) сәйкес тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети