Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өз көңілдесін алимент төлегісі келмегендіктен өлтіруге тапсырыс берген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өз көңілдесін алимент төлегісі келмегендіктен өлтіруге тапсырыс берген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жиналған дәлелдердің негізінде БҚО-ның Теректі ауданындағы Федоровка ауылының 1978 жылғы жұмыссыз тұрғыны, бұған дейін Теректі ауданының әкімі қызметінде болған Серікқалиев Ж.С. 27 мамырда ұсталып, 30 мамырда қамауға алынды. Ол жәбірленушінің 2013 жылы некесіз туған қызына алимент төлеу туралы және дүниесін бөліп беру туралы талабынан құтылуы үшін оны өлтіруге тапсырыс беріп, сыбайластарынан жәбірленушіні өлтіргеннен кейін екеуара әңгіме жазылған ұялы телефонын алып келуді талап еткен", - деп хабарлады полициядағылар.
Тергеу мәліметінше, Жеңіс Серікқалиев биылғы ақпанда жергілікті азаматшаны өлтіруге тапсырыс берген. Бұл істі ол өз достарының бірі мен жүргізушісіне тапсырған. Сыбайластарының әрекетінен әйел аман қалып, өзін өлтірмек болғандарды көрсетіп берген. Ал сотта 2014 жылы әйелдің шенеуніктен бір қыз босанып алғаны белгілі болды. Кейін ол Серікқалиевтен фамилиясын қызына беруді сұрап, рәсімдеуді сұраған, алайда ол мансабына кір келтіргісі келмей және отбасынан айырылғысы келмей, келісім бермепті. Сөйтіп, ол сыбайластарына 500 мың теңге көлемінде қаражат беріп, қысым көрсетіп, көңілдесін өлтіруді тапсырған. Олар әйелге бірнеше жерінен сегіз мәрте пышақ салған. Алайда әйел аман қалыпты.
Айта кетейік, Жеңіс Серікқалиев ұсталуына бірнеше сағат қалғанда қызметінен өз қалауымен кеткен. Президент әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен оның орнына Жәнібек ауданының бұрынғы әкімі, 47 жастағы Мұрат Мұқаев келген. Кейін бұрынғы шенеунік екі айға қамауға алынды.