Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

БҚО-да көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген шенеунік жайлы істің мән-жайы белгілі болды

30 Мамыр 2016, 18:03
0
Жеңіс Серікқалиев сот залында. © Tengrinews.kz
Жеңіс Серікқалиев сот залында. © Tengrinews.kz

Оралда сот көңілдесін өлтіруге тапсырыс беру бойынша күдікті - батысқазақстандық шенеунік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеңіс Серікқалиев пен оның екі сыбайласы соттың шешімімен екі айға қамауға алынды.

Оның сыбайластары 16 мамырдан бері қамауда отыр. Серікқалиевтің өзі болса түсінік беруден бас тартты. Айта кетейік, сот отырысына оның әйелі де, көңілдесі де келмеді. Сот ашық тәртіпте өтіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, Жеңіс Серікқалиев биылғы ақпанда жергілікті азаматшаны өлтіруге тапсырыс берген. Бұл істі ол өз достарының бірі мен жүргізушісіне тапсырған. Сыбайластарының әрекетінен әйел аман қалып, өзін өлтірмек болғандарды көрсетіп берген. Ал сотта 2014 жылы әйелдің шенеуніктен бір қыз босанып алғаны белгілі болды. Кейін ол Серікқалиевтен фамилиясын қызына беруді сұрап, рәсімдеуді сұраған, алайда ол мансабына кір келтіргісі келмей және отбасынан айырылғысы келмей, келісім бермепті. Сөйтіп, ол сыбайластарына 500 мың теңге көлемінде қаражат беріп, қысым көрсетіп, көңілдесін өлтіруді тапсырған. Олар әйелге бірнеше жерінен пышақ салған. Алайда әйел аман қалыпты. 

Қазіргі уақытта "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Айта кетейік, Жеңіс Серікқалиев ұсталуына бірнеше сағат қалғанда қызметінен өз қалауымен кеткен. Президент әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен оның орнына Жәнібек ауданының бұрынғы әкімі, 47 жастағы Мұрат Мұқаев келген.  


© Tengrinews.kz

Жеңіс Серікқалиев - 1978 жылғы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Оралда инженер-қоныстандырушы болып бастаған. Борлы ауданының орталығы Ақсай қаласы бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық комитетте жетекші маман болып қызмет атқарған. Қаратөбе ауданының әкімінің орынбасары болған, өңірдің жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Еске салайық, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының экс-әкімі Жеңіс Серікқалиевтің кісі өлтіруге оқталу деген күдік бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай