13 қазан 2020 09:08

Көпбалалы мүгедек әйел iPhone ұтысына қатысамын деп алаяқтардың құрығына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Полицейлер Петропавлда 41 жастағы мүгедек әйел, бес баланың анасын алдап кеткен алаяқтарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Полицейлер Петропавлда 41 жастағы мүгедек әйел, бес баланың анасын алдап кеткен алаяқтарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Желіде iPhone ұтысы туралы оқып, қатысып көрмек болған. Артынша ол әлеуметтік желідегі онлайн-ұтыс арқылы жеңіске жеткенін естіп, сыйлығын күткен. Ол ұйымдастырушыларға хат арқылы мылқау екенін ескертіп, егер қандай да бір жаңалық болса оны хабардар етуді сұраған", - делінген хабарламада.   

Қала тұрғыны алаяқтармен істі болғанына күдік келтірмеген. Артынша ұйымдастырушылар әйел адамға шекарадағы жағдайға байланысты поштаның ақысын төлеу керегін айтқан. Алайда ол қажет соманы төлегеннен кейін де мүгедек әйелге тағы екі рет ақша төлеткен. Осылайша көпбалалы әйел жалпы 69 мың теңге төлеген.  

Алаяқтар ұтыс курьер арқылы бара жатқанын айтып, дәлел ретінде фото мен видеолар жіберген. Тіпті ұшақтағы жолаушылардың да суретін жіберген. Бүгінде аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Полиция қала тұрғындарынан жеке деректерін алаяқтарға бермеуді сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети