Көпір салған түріктерге үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көпір салған түріктерге үкім шықты ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда қаласындағы "Ақмешіт" шағын ауданындағы теміржол үстінен өтетін көпірді салған "Бушра" компаниясының екі бірдей басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркия Республикасының азаматтары Зия Метин мен Кетен Ердоған мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының жоғалуына байланысты айыпты деп танылып, олар 5 жыл бас бостандығынан айрылды. Аталмыш көпірдің құрылысы осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Алайда, оның аяқталуы мерзімі тым созылып кеткен. Көпірдің жалпы ұзындығы 887 метрге жуықтайды. Тәулігіне 12,5 мыңнан астам көлік өткізуге арналған еді. Ал жалпы құны 1 млрд. 674 млн. теңгеге бағаланған. Ал "Бушра" компаниясының әлгі екі жетекшісі 2009-2010 жылдарда құрылыстың толық аяқталмағанына қарамастан, тиісті құжаттарға аяқталмаған жұмыстар толық атқарылды деген жалған мәліметтер енгізіп, тапсырыс беруші мекемеге өткізуге тапсырма берген. Облыстық қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, соның кесірінен мемлекеттен бөлінген ақша мердігердің есеп-шотына толығымен аударылғандықтан мемлекетке 18 млн. теңгеден астам залал келтірілген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети