-
Басты
-
Біл
-
Оқиға
-
Қылмыс
Қорғаныс вице-министрі парамен ұсталды
11 ақпан 2014, 17:38
ҚР ҰҚК қызметкерлері Астанада ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевті ұстады. Қазір шенеунік ҰҚК-нің тергеу изоляторында отыр.
-
Vkontakte
-
Facebook
-
Twitter
-
Одноклассники
-
Telegram
Новостью поделились: человек
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Бағдат Майкеев. ©Мegapolis.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астанада ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевті ұстады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Ақпарат құралының хабарлауынша, вице-министр ірі көлемдегі парамен ұсталған. Ол ҰҚК-нің тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр. 60 жастағы Бағдат Майкеев 1981-2009 ішкі істер саласында, 2009-2010 жылдары ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2010-2011 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің Алқа хатшысы, әрі аппарат басшысы қызметтерін атқарды.
2011 жылдан бері - Қорғаныс министрінің орынбасары. II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған, генерал-майор шені бар.