08 қараша 2019 09:16

Қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты сот басталды

Видео кадры Видео кадры

Ақмола облысында браконьерлердің жолын кеспек болып, солардың қолынан мерт болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ақмола облысында браконьерлердің жолын кеспек болып, солардың қолынан мерт болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айыпталушы - 45 жастағы Анатолий Бонякевич. Табиғат қорғаушыларына орманда оқ атқан кезде Анатолий Бонякевичтің жанында жүрген 13 жасар ұлы сотта куәгер болған екен. 

"Бұл қайғы-қасірет біздің отбасымызға оңай тиген жоқ. Мен бауырымнан айрылдым, анам баласынан айырылды, балалар әкесінен айрылды. Нақты қолына қару алып атқан қылмыскер өз жазасын алуы керек. Басқа ешқандай талабым жоқ", - дейді қаза тапқан қорықшының әпкесі Жансая Нұртазинова.

Еске салайық, шілдеде алты киікті атып, салып ізін жасырмақ болған браконьер соңына түскен инспекторлардан "Нивамен" қашып бара жатып, оларға оқ атқан еді. Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Самат Оспанов ауыр жараланған. Екеуі де - "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері. Қазір Бонякевичке ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бірдей бабы бойынша айып тағылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети