29 мамыр 2019 09:31

Қостанай облысында 22 келі есірткі алып өтпек болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері 22 келі есірткі алып өтпек болған екі ер адамды ұстады,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері 22 келі есірткі алып өтпек болған екі ер адамды ұстады,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 19 қарашасында салмағы 19 келі 230 грамм марихуана өткізбек болған В. Бондуровский есімді ер адам ұсталған. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, есірткіні екінші ер адам А. Чигаркиннен алғанын айтқан. Осылайша, 20 қарашада комитеттегілер А.Чигаркинді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, одан салмағы 3 келі 721 грамм марихуананы тәркілеген.

"Нәтижесінде алынған есірткінің жалпы салмағы - 22 келі 951 грамм. 2019 жылдың 6 мамырында Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен А. Чигаркин ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3- бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, ал В. Бондуровский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети