Қостанай облысында 94 жастағы соғыс ардагері адам өлтіргені үшін сотталды

15 Ақпан, 12:13
0
© фото Alau.kz
© фото Alau.kz

Бүгін Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотында Затобол кентінің 94 жастағы тұрғыны Иван Сурковқа қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Alau.kz.

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған психиатрда мәжбүрлі түрде емделу тағайындалды. Сотталушы үкіммен келіспеген. 

Оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. Иван Сурков 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақтаған. Зейнеткер қаза тапқан. Сотта ардагердің соғыс кезінде үш мәрте зақым алғаны айтылды. 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Соттың айтуынша, осы жағдайлар зейнеткердің психикасына әсер еткен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай