29 маусым 2015 10:14

Қостанай облысында өлі киіктердің мүйізін арамен кесіп алған адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі © Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қостанай облысында 49 жастағы ер адам өлі киіктердің мүйізін арамен кесіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысында 49 жастағы ер адам өлі киіктердің мүйізін арамен кесіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өлі киіктерден 119 мүйізді кесіп алған күдікті олардың әр келісін ең кемі 50 мың теңгеге Қостанай қаласында сатпақшы болған. Күдіктіні Аманкелді аудандық ІІБ қызметкерлері мен Қостанай облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасының мамандары ұстады.

"Полицейлер ұсталған азаматтың гаражы мен сарайынан жалпы салмағы 10 келі мүйізді тәркіледі. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас 10 оқиға тіркеліпті және ұсталғандардың барлығының бас бостандығына бір жылға шектеу қойылған.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда киіктер жаппай қырылды. Соңғы мәліметтер бойынша, 132 329 бас киік көмілді, олардың ішінде 113 309 бас киік - Қостанай облысында, 9 386 - Ақмола, 9 634 бас киік Ақтөбе облысында.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети