12 шілде 2021 11:22

Қостанайда айып тұрағындағы 20 көлік тоналған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласындағы айып тұрағында жыл басынан бері 20-ға жуық автокөлік тоналды. Көлік иелері тұрақтағы қауіпсіздік жүйесіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай қаласындағы айып тұрағында жыл басынан бері 20-ға жуық автокөлік тоналды. Көлік иелері тұрақтағы қауіпсіздік жүйесіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Қостанай қаласының тұрғыны Алена Черний жүгінді. Оның айтуынша, сүйіктісінің көлігі 2021 жылдың наурызында сот ісіне байланысты айып тұрағына қойылған. Маусымда қыз көлікті алуға барған.

"Оның анасы сенімхат жаздырып, 25 маусымда тұраққа бардық. Күзетші қай көлікті алуға келгенімізді білгенде, 17.30-дан кейін көліктер шығарылмайтынын айтты. Неге? Қолымыздағы қағазда "көліктерді 18.00-ге дейін шығарамыз" деп нақты жазылған. Сол жерде жанжал шығарып, тұраққа кірдік. Сонда ғана көлік тоналғанын білдік. Ештеңе қалмаған. Тіпті электр жүйесін де ұрлап кеткен", - деді ол.

 Бұл жағдай отбасы мүшелерін тығырыққа тіреген. Автокөлік несиеге алынған, ал иесі сотталған екен.

"Көлік сатылымға қойылған және несие мерзімі кешіккені үшін кепіл алғанбыз. Енді тағы бір проблема пайда болды. Олардың айтуынша, тұрақта басқа да тоналған көлік көп", - деді Алена Черний.

Айып тұрағы Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі балансында екені анықталды. Биыл айып тұрағынан мүлікті ұрлау дерегі бойынша 20-ға жуық арыз түскен.

"Барлық дерек бойынша қылмыстық іс аяқталды. Автотұрақ аумағына бейнебақылау камералары қойылды. Бүгінде ұрлықтың жолын кесуге және қылмыстарды ашуға көмектесетін 10 бейнекамера жабдықталған. "Затворный Д." ЖК-мен айыппұл тұрағының аумағын қорғауға алу үшін шарт жасалды. ТКШ бөлімінің желісі бойынша аумақты қосымша жарықтандыру да жүргізілген", - деді Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети