19 шілде 2021 13:06

Қостанайда жалған анықтама алғысы келген мұғалім алаяқ құрбаны болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қостанайда жалған медициналық анықтама алғысы келген мұғалім алаяқ құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда жалған медициналық анықтама алғысы келген мұғалім алаяқ құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қостанайда мұғалім алаяқтардан екпе салуға қарсы көрсетілімі бар екені туралы жалған анықтама алған. Гипертония мен демікпесі бар әйел танысына жаңа оқу жылында вакцинация паспорты болуы керек деген талапты айтады. Ол жеке зертханадағы вакцинацияға қарсы көрсетілім анықтамасының бағасы 120 мың теңге екенін айтады. Жеке меншік зертхана иелері пайда табуға тырысып, науқасты тексеріп қана қоймай, толық диагностика жасамақ болған. Алайда мұғалімнің танысы 20 мың теңгеге анықтама жасап бере алатын адамның нөмірін береді", - деді Тұрлыбек брифингте.

Оның айтуынша, әйел төлем жасағанан кейін шынымен анықтама алған. Алайда әріптесімен кеңескеннен кейін анықтаманың жалған болуы мүмкін екенін біледі. Себебі, онда бірқатар дерек көрсетілмеген.

"Ашулы әйел мемлекеттік емханада анықтаманы жасаған медициналық бөлімге барады. Онда ол бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасарымен кездескен. Ол дереу полицияға жалған ақпарат туралы хабар береді", - деп түсіндірді Тұрлыбек.

Оның айтуынша, факт ҚР ҚК-ның 385-бабы бойынша тіркелген, онда төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети