11 қыркүйек 2022 12:48

Қостанайда пара алды деген күдікке ілінген судья қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда ұсталған судьяға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда ұсталған судьяға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы бір күн бұрын, 9 қыркүйекте шығарған.

Қостанай облыстық сотының күдікті қызметкері Асқар Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғаны хабарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Асқар Дарбаев тамызда ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталған.

ҰҚК Тергеу департаменті "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети