Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қостанайда сәбиін аштан өлтірген ресейлік әйел жауапқа тартылады

24 Маусым 2014, 11:49
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның прокурорлары сәбиді аштан өлтірген ресейлік әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай прокуратурасына сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс қыз баланың анасына қатысты қозғалды, оның тәрбие және бала күтімі жөніндегі міндеттемесін орындамауы сәбидің қайтыс болуына әкеліп соққан", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бір жарым жастағы Валерия Вельш аштықтан әлсіреген күйінде ауруханаға жатқызылған болатын. Дәрігерлер сәбиді бірден жан сақтау бөліміне жатқызды, өйткені одан улы нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі және ми ісінуі анықталды. Алайда сәби өмірін құтқару мүмкін болмады.

Учаскелік дәрігерлер қалалық білім бөлімінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі секторына жағдайы қиын отбасы туралы өткен жылдың қараша айында хабар берген. Шенеуніктер отбасының тіршілігімен танысқан, бірақ бұл үйдегі балалардың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды деп есептеген. Сәбидің анасы - Ресей азаматы, бірақ жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты жоқ.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай