1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қостанайлық полицей жүргізуші куәлігін сатты деген күдікпен ұсталды 04 тамыз 2021, 10:28

Қостанайда Полиция департаменті бөлімшесінің бастығы жүргізуші куәлігін беру үшін пара алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қостанайда Полиция департаменті бөлімшесінің бастығы жүргізуші куәлігін беру үшін пара алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пара алғаны үшін Қостанай облысы Полиция департаменті бөлімшесінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Ол "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның сенімді тұлғалары бар топ атынан жүргізуші куәлігін жасауға, жол қозғалысы ережелерінен теориялық емтихан тапсыру үшін, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізіп жүргізуші куәлігінен айырылғандардың куәлігін қайтару мақсатында бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктінің кінәлі немесе кінәсіз екені туралы соңғы шешімді сот қабылдайды. Тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram