22 желтоқсан 2016 17:33

ҚР Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің өлімінің мән-жайын анықтауға мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің өлімінің мән-жайын анықтауға мүдделі, осыған байланысты австриялық құқық қорғау органдарына қажеттік көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы ведомствоның РИА Новости редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады.

2015 жылдың ақпанында австриялық БАҚ-тар Әлиевтің түрмеде асылып қалған күйі табылғанын хабарлаған болатын. Алғашқы және негізгі нұсқа суицид еді. 12 желтоқсанда, дүйсенбіде Әлиевтер әулетінің мүддесін қорғайтын адвокат неміс маманы Бернд Бринкманның зерттеу қорытындысын жариялады. Ол Әлиевті біреудің қылғындыруынан өлді деген тұжырым жасаған.

Бас прокуратураның жауабында қазақстандық тараптың Әлиевтің өлімі дерегі бойынша тергеуге қатыспағанын, осыған байланысты Бринкман тұжырымдаған нұсқаны Австрияның құзырлы органдары тексеруі керек екені айтылған.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның жауабында Әлиевтің өліміне байланысты австриялық тарапқа бірнеше мәрте қолғабыс етуді ұсынғаны жазылған. Мұнымен қатар, өз сұраныстарында қазақстандық тарап тергеудің толық әрі әділ өтуі үшін басқа елдерден сот сарапшыларын тартуды ұсынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети