11 шілде 2016 13:26

ҚР ҰҚК-да Төлешовтің сыбайластарынан тәркіленген қару-жарақ арсеналы көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Төлешевтің сыбайластарынан алынған қару-жарақтар журналистерге көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алынған қару-жарақтарды ҰҚК өкілдері көрсетті.


Төлешевтің сыбайластарынан алынған қару-жарақтар журналистерге көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алынған қару-жарақтарды ҰҚК өкілдері көрсетті.

Тергеу Төлешовтің қылмыстық істерді жүзеге асыру және беделін арттыру мақсатында қауіпсіздік қызметінің негізінде жеке қылмыстық топ ұйымдастырғанын дәлелдеді. Онда қаруланған топ Төлешовтің тапсырмаларын мүлтіксіз орындап отырған.

Айта кетейік, қаруларды журналистерге көрсету кезінде оларды арнайы бөлімшенің әскерлері күзетіп тұрды.

"Төлешовтің қол астында 90-нан аса қаруланған және қажетті оқудан өткен жауынгер болған. Арнайы бөлімшені сырттай заңды ету үшін Төлешов ол топқа арнайы "Смерш" күзет фирмасын, кейіннен "Вымпелгрупп" фирмасын тіркеген. Сонымен қатар, Төлешов ұйымдастырған топтың қажеттіліктерін өтеу үшін қол астындағы адамдар арқылы заңсыз түрде оқ ататын қару мен жарылғыш заттарды алып отырған. Төлешовтің кәсіпорындарын және басқа мүлік нысандарын тінту барысында оның сыбайластарынан 10 данадан аса оқ ататын қару, граната мен бірнеше ату жарақтары алынды. Сондай-ақ, Төлешовтің қылмыстық тобында күзет фирмаларына тіркелген 60-тан аса қызметтік қару болған", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері. 

Бұл форма қамауға алынған Тоқтар Төлешовтікі.

Сонымен қатар, тергеу Төлешовтің қылмыстық тобының бірнеше қылмыс жасап, адамдарды ұрлағанын дәлелдеді.

 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталған еді. Кейіннен Төлешовтің ісі бойынша 25 адам күдікке ілініп отырғаны белгілі болды.

Бұл іс бойынша қылмыстық іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады. "Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр", - деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар, Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Ал 11 шілдеде ҰҚК өкілдері Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгенін хабарлады. Сонымен қатар, ҰҚК өкілдері Төлешовтің мемлекеттік төңкеріс жасауға қалай дайындалғанын айтып берген еді. Ал ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты кезінде Тоқтар Төлешов ісі бойынша ұсталғандардың аты-жөні аталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети