25 сәуір 2021 16:22

Кіреберісте оқ-дәрі иісі шығады - алматылық атқыштың үйінен эксклюзив кадрлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев. Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев.

Tengrinews.kz тілшісі Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісіне оқ атып, кейін 6 сағат бойы өз пәтерінде жасырынған атқыштың үйіне барып, суретке түсірді.


Tengrinews.kz тілшісі Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісіне оқ атып, кейін 6 сағат бойы өз пәтерінде жасырынған атқыштың үйіне барып, суретке түсірді.

Ер адам тұрған үйдің кіреберісінен эксклюзив кадрлар алынған. Тілшінің айтуынша, үй тыныш. Тек қайтыс болған ер адамның пәтерінде жұмыс жүргізіліп жатыр.

Атыс шығарған ер адам "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің 17 қабатында тұрған.

Үй кіреберісінде оқ-дәрінің иісі шығады. 17-ші қабатта жиһаз тұр. Ол атқыштың пәтерінен шығарылған болса керек. Алайда ер адам тұрған қабатта ешкім тұрмайтын тәрізді тып-тыныш.

Бұл бір күн бұрын ер адам секіру үшін сындырған терезенің көрінісі. Сурет қарама-қарсы үйден түсірілген.

Баспалдақтар алаңы. Мұнда полиция өкілдері келіссөздер жүргізіп, шабуыл ұйымдастырған.

 Терезелер сынған, бүкіл жерде әйнектер шашылып жатыр.

Тұрғын үй кешені ауласында адамдар жұмыстарын жалғастырып жатыр, барлығы тыныш.

Құқық қорғау органы қызметкерлері тесеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ер адам құлаған жерге біреу гүл әкеліп қойған.

Фото: Шоқан Алхабаев

Айта кетейік, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Кейін күдіктінің пәтерде тығылып жатқаны хабарланған болатын. Қарулы адам келіссөзден бас тартып, баспалдақ аумағына қарай 10-нан аса оқ атқан. 

Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети