12 ақпан 2014 11:07

Кісі өлтіріп алған прокуратура қызметкері жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаныш Мамалинов. ©Etemirtau.com Қаныш Мамалинов. ©Etemirtau.com

31 жастағы адамды көлігімен қағып өлтірген Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Қаныш Мамалинов жұмыстан босатылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. Қарағанды облысы прокуратурасы қызметкерлерінің мәліметінше, Мамалинов тәртіптік кеңестің ұсынысы бойынша қызметінен босатылды. "Қызметкеріміздің кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасауы прокуратура органының беделін түсіреді. Болған оқиғадан кейін ол Теміртау прокуратурасында жұмыс істей алмайды. Теміртау прокурорының бұйрығымен Қаныш Мамалинов біздің жүйеден шығарылды", - дейді прокуратура өкілдері. Есте болса, 1 қаңтар күні таңертең Теміртау прокурорының көмекшісі өзінің Mercedes-Benz көлігімен Павел Руль деген азаматты қағып кеткен еді, жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды. Мамалиновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу оның жылдамдықты асырғанын, сонымен бірге, техбайқаудан өткені жөніндегі жалған куәлікпен жүргенін анықтады. Тараптар ымыраға келгенімен, қылмыстық іс әлі тоқтатылмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети