16 қараша 2022 08:44

Кішкентай қыздарды алдап, жалаңаш суреттерін Желіде таратқан ақтөбелік ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы TikTok әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында 7-10 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың ересек ер адаммен хат алмасу дерегі анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы TikTok әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында 7-10 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың ересек ер адаммен хат алмасу дерегі анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары 27 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын анықтап, ұстады.

Ведомство мәліметінше, ер адам балаларға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін жүктеп, ата-аналарына бұл туралы айтпауды сұраған. Ол түскен суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерде жариялап отырған.

"Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 312-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттері бар материалдарды дайындау және тарату" бойынша алдын ала сараланып жатыр. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларының әлеуметтік желілерде не істейтінін мұқият бақылауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети