ҚТЖ және полиция қызметкерінен құралған қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруі бойынша, Көліктегі департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2 жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруі бойынша, Көліктегі департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2 жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу пікірінше, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулары бар жол төсемінің жоғарғы құрылымының бөліктерімен ауыстырылды деп жалған мәліметпен есептен шығарылған.

"Қылмыстық топқа "ҚТЖ "ҰК" АҚ Қарағанды бөлімшесінің қазіргі және бұрынғы 17 жұмысшысы тартылған. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған.

Алдын ала есептелген шығын 127 миллион теңгеден аса сомаға бағаланды, бұл 800 тоннаға жуық материалдар", - делінген хабарламада.

Бүгінде ұрланған тауарлардың көпшілігін сатып алушылары мен орналасқан жерлері, сондай-ақ оларды тасымалдайтын жүк көліктері анықталғаны айтылды.

"Соттың санкциясы бойынша, Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer