06 қараша 2014 09:23

Қытайда тұтқындалған алматылық бойжеткеннің ісі орнынан жылжымай тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай. ©"Вконтакте" Ақжарқын Тұрлыбай. ©"Вконтакте"

Қытайда есірткі тасымалдады деген күдікпен тұтқындалған қазақстандық 20 жастағы студент қыз Ақжарқын Тұрлыбайдың ісінде жаңа мәліметтер пайда болды. Қытайдың құқық қорғау органдары материалдарды тергеуге екінші рет қайта жіберді, бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов "Жетінші арнаға" берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, Ақжарқын қазір өзін жақсы сезініп отыр. "Оның жағдайы қанағаттанарлық, қытайлық әріптестердің сөзіне қарағанда, ол ешқандай шағым айтпады. Бірақ әзірше туыстары онымен кездесе алмай отыр, тек қана Қазақстанның Қытайдағы өкіліне, яғни Сыртқы істер министрлігі өкіліне ғана рұқсат етілді", - деді заңгер. 

Телеарнаның хабарлауынша, осылайша қазақстандық бойжеткеннің ісін тергеу тағы екі айға жуық уақытқа созылады. 

Ақжарқын Тұрлыбай наурыз айында Гуанчжоу әуежайында қамауға алынған еді. Оған есірткі контрабандасымен айналысты деген айып тағылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбайға үлкен мерзім, тіпті, өмір бойғы жаза да берілуі мүмкін. Студент қыздың анасы Ақжарқынды әлдекімдер алдады деп отыр. Себебі қызды Қытайға оның Алена және Джонни есімді таныстары жіберген. Олар қызға бренд киімдерді жеткізіп, ақша табуды ұсынған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети