Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қытайдан 90 дана телефонды заңсыз әкеле жатқан жігіт ұсталды 16 сәуір 2014, 14:45

20 жастағы жігіт Mitsubishi Pajero көлігінің ішкі қаптамасына 90 дана телефонды жасырыпты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан - Қытай шекарасында ұялы телефон контрабандасы әшкере болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғас" өткізу пунктінің шекара наряды Қазақстанның 20 жастағы азаматын ұстады. Ол Mitsubishi Pajero көлігімен Қытайдан келе жатқан. Шекарашылар жолаушының көлігінен тиісті құжаты жоқ 90 дана ұялы телефонды тапты.

"Көлікті тексеру барысында жүксалғыштың қаптамасы астынан контрабандалық тауар табылды. Бұл дерек құқық қорғау органдарына хабарланды", - делінген Шекара қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан - Ресей шекарасында аққайнар шарабы контрабандасының жолы кесілгені хабарланған еді. Ресейдің екі азаматы жалпы салмағы тоғыз тонна тартатын "Советское" сусындарын заңсыз алып өтпек болған.


Join Telegram