10 наурыз 2022 12:04

Қызылорда облысында жалған дипломмен сабақ беріп жүрген мұғалімдер әшкере болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қызылорда облысында облыстағы орта білім беру ұйымдарында жалған дипломмен жұмыс істейтін 112 мұғалім әшкере болып, барлығы жұмыстан босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысында облыстағы орта білім беру ұйымдарында жалған дипломмен жұмыс істейтін 112 мұғалім әшкере болып, барлығы жұмыстан босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Facebook парақшасында жазды.

"Біз облыстық деңгейде жыл сайын педагогтарды аттестациялау барысында мұғалімдердің портфолиоға жалған құжаттарды салатынын анықтаймыз. Әсіресе, күмән келтіретін құжаттарды (сертификат, грамота) ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқаға сәйкестігін нақтылау ісін ашық жүргізіп, заңбұзушылықты дер кезінде өзіміз анықтаймыз.

Мәселен, былтыр қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясы 863 құжатты қарап, 24 мұғалімнен жалған құжатты байқадық. Ал шілде-желтоқсан аралығында 587 құжат қарап, 14 мұғалім түпнұсқаны дәлелдей алмады. Алайда, әрбір педагогтан түсініктеме алып, жалақыға үстеме төленбеді. Бюджетке шығын келтірмедік", - деп жазды Ақзира Қасымова.

Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, кәсіпті игермей, дипломды қолдан жасап жүргендер білім беру қызметкерлерінің абыройына нұқсан келтіреді.

"Жоғары оқу орындарына сұрау салу мониторингі нәтижесінде облыс бойынша жалған дипломмен 112 дерегі анықталған. Ол бойынша құзырлы органға ұсыным жолданды", - деді Қасымова.

Полицейлер қолдарында жалған диплом жасау мен пайдалануға қатысты бірқатар қылмыстық істер бар екенін айтты. Оларды тергеп жатыр.

"Қылмыстық істер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети