17 қыркүйек 2021 12:13

Қызылорда тұрғыны "ВКонтакте" желісінде тыйым салынған аудио сақтағаны үшін ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қызылорда полициясы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тыйым салынған аудиоматериалдарды сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылорда полициясы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тыйым салынған аудиоматериалдарды сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын 40 жастағы тұрғынды анықтады", - делінген хабарламада.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабы 1-бөлігінде ("Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды") көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысы бойынша, деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети