23 тамыз 2022 14:48

Қызылордада адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдікті ұсталды: оқиға видеоға түсіп қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда полицейлері адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Ол екі айға жуық уақыт Нұр-Сұлтанда жасырынып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 22 шілдеде болған. Көпсалалы облыстық ауруханадан Қызылорда қаласы ІІД кезекші бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен түскені туралы хабарлама түскен.

"Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша іс тіркелді. Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 24 жастағы тұрғынның Нұр-Сұлтан қаласында екені анықталды. Облыстық Полиция департаменті қалалық Полиция басқармасы жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген күдіктіні елордада жалдамалы пәтерде қолға түсірді", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети