14 шілде 2020 17:14

Қызылордада есірткіні заңсыз сатқан адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Қызылордалық полицейлер заңсыз есірткі сатқан облыс тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызылордалық полицейлер заңсыз есірткі сатқан облыс тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында заңсыз есірткі затын сатқан Қызылорда қаласының тұрғыны 34 жастағы ер адам ұсталды. Айғақ зат ретінде бұл азаматтан ерекше иісі бар "марихуана" есірткі алынды.

Күдікті ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети