09 қыркүйек 2022 12:21

Қызылордада жантүршігерлік оқиға болды: марқұмның туыстары кінәлілерді жазалауды талап етті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/nemolchi.kz Фото:instagram.com/nemolchi.kz

Адам өлтіру оқиғасы 3 тамызда облыс орталығында болған. Полицейлер күдіктіні, жәбірленушінің 29 жастағы күйеуін ұстады. Бірақ туыстары бұл қайғылы оқиғаға қатысы бар барлық адамның жазалануын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адам өлтіру оқиғасы 3 тамызда облыс орталығында болған. Полицейлер күдіктіні, жәбірленушінің 29 жастағы күйеуін ұстады. Бірақ туыстары бұл қайғылы оқиғаға қатысы бар барлық адамның жазалануын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы олар Instagram әлеуметтік желісіндегі nemolchi.kz-парақшасында жазды. Жазбада марқұм сол күні күйеуімен бірге туған күнін тойлау үшін дәмханаға баруы керек болғанын айтқан хабарламалар бар. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын оларға кафе қызметкерлері айтып берген.

"2015 жылы олар үйленді. Үш баласы бар. Оны соққыға жыққаны бірінші рет емес. Ол оны үнемі қайта қабылдап, балалары үшін кешіретін", - деп жазды олар.

Туыстары кісі өліміне кінәлілердің бәрін жазалауды талап етіп отыр.

"Әйелді қанышерге қалдырып, аса ауыр қылмыс жасаған полицейлерді жауапқа тартуды талап етеміз! Нұрболдың ағасы кісі өліміне қатысқан деп танылсын! Қылмыс туралы хабарламаған әйелі, караоке қызметкерлері бейнежазбаны жойып, сыбайлас болғаны үшін жауапқа тартылсын! Осы екі жыл ішінде қаза болған әйелдерді өлтіру дерегі бойынша "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Заңның күшін жойғандарды жауапқа тартыңыз! Бұл заңды қабылдаңыздар! Тағы қанша өлім керек? Қызылорда ПД басшысының отставкаға кетуін талап етеміз", - деп олар талаптарын жазған.

Қызылорда облысының полиция департаменті факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

"3 тамызда түнде алкогольдік масаң күйде Қызылорда қаласының тұрғыны әйелін ұрып-соғып, 27 жастағы әйел ауыр дене жарақатынан қайтыс болды. Оқиға орнынан қашып кеткен 29 жастағы ер адамды ұстау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Шұғыл жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ол досының үйінде ұсталды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети