23 қараша 2021 13:02

Қызылордада қылмыстық топтың белсендісі ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Қызылордада түрмеден енді шыққан қылмыстық топтың белсендісі сыбайласымен бірге бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылордада түрмеден енді шыққан қылмыстық топтың белсендісі сыбайласымен бірге бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Белгілі болғандай, кешкі уақытта қала орталығындағы көшелердің бірінде тұрғынды ұрып-соғып, оның Opel Vectra маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 теңгені құрады.

Дер кезінде барлық патрульдік қызметтерге ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар жіберілді. Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте екі күдіктіні ұстады. Екі ер адам ұрланған көлікті өртеп жіберген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ, күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған. Атап айтсақ, 2015 жылы ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 6 жылға сотты болған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Адамдар тобы болып, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып автомобильді айдап кету) және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Екі күдікті қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети