07 желтоқсан 2022 13:01

Қызылордада үш адамның өмірін қиған атыс: 13 күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер 2022 жылдың мамырында Қызылордада үш адамның өмірін қиған атыс бойынша күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер 2022 жылдың мамырында Қызылордада үш адамның өмірін қиған атыс бойынша күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетовтің айтуынша, қылмыстық іс аясында 13 адам ұсталып, оларды қылмыстық қудалау органдары күдікті деп таныған.

"Бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілерден бес қару анықталып, тәркіленді", - деді Нұрмағанбетов.

Тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында 55 сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындылары қылмыстық іске тіркелді.

"Соталды тергеп-тексеру барысында анықталған өзге де мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жариялануға жатпайды", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети