02 қараша 2021 12:11

Қызылордадағы арнайы операция: есірткі притоны анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада полицейлер арнайы операция нәтижесінде есірткі притонын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылордада полицейлер арнайы операция нәтижесінде есірткі притонын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 қазанда Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасырын тергеу жүргізу барысында 68 жастағы Қызылорда тұрғынын тұрғылықты мекенжайында үш сыбайласымен бірге есірткі притонын ұйымдастыру үстінде құрықтаған.

Тергеу барысында күдіктінің көктамырішілік инъекциялармен қолданылатын "экстрациялық апиын" есірткі құралын дайындағаны анықталды. Күдіктінің үйіне басқа да есірткіге тәуелді адамдар жиналған.

Үйді тексерген кезде есірткі жасауға арналған шприцтер, ыдыс-аяқтар мен заттар заттай дәлел ретінде алынды. Ұсталған күдікті өз ісін толық мойындады.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 302-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети