11 сәуір 2018 11:54

Қызылордалық полицейлер Әдөн лақапатымен белгілі қылмыстық топ мүшесін ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestikavkaza.ru © vestikavkaza.ru

Кеше, 10 сәуірде Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады. Полиция мәліметі бойынша, ол Әдөн лақапатымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Кеше, 10 сәуірде Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады. Полиция мәліметі бойынша, ол Әдөн лақапатымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі осы іске қатысты толық мәлімет берді.

"9 сәуірде Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы аумағында құқық қорғау қызметінен бой тасалап жүрген Серікбаев Әділет есімді облыс тұрғынын анықтап, ұстады. Полицияның жедел ақпаратына сәйкес, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған және қылмыстық әлемде "Әдөн" есімді лақап атымен танымал болған. Аталған азамат құрықталып, Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды", - делінген хабарламада. Сөйтсек, 25 жастағы "Әдөн" ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы Қызылорда облысы сотының үкімінен кейін қашып кеткен өткен жылдың қараша айынан бастап іздеуде болған екен. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болғанын да хабарлады Қызылорда облыстық ІІД өкілдері.


Сурет Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінен

Сондай-ақ, Сәдубаев басқа да облыстарда болған қылмыстар бойынша есеп берді.

"Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 9 сәуірде Сарыағаш қаласында кісі өлтірді деп күдікке ілінген адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады", - деді Алмас Сәдубаев. 

Мұнымен қатар, брифинг барысында елордалық полицейлер гүл сататын дүкендерге аз уақыт ішінде бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған жергілікті күдікті ұсталынып, уақытша қамау изоляторына қамалды. 

Алматы қаласында да қарақшылық шабуыл жасаған Алматы облысының екі тұрғыны күдікке ілініп, Талдықорған қаласында ұсталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети