22 желтоқсан 2016 | 08:54

Лаңкестер басып кіргенде әжетханаға тығылып қалған ақтөбелік әскерилер сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Лаңкестер басып кіргенде әжетханаға тығылып қалған ақтөбелік әскерилер сотталып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Лаңкестер басып кіргенде әжетханаға тығылып қалған ақтөбелік әскерилер сотталып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Лаңкестік оқиға болған күні кезекшілік атқарған қос майорға "ереже сақтамады", "радикалдарға қарсы әрекет етпеді" деген айып тағылып отыр. Әйтсе де, Қайнарбек Тастанбеков мұнымен келіспейді. Ал оның көмекшісі Қайырғали Оразжанов кінәсін мойындапты.

Тілшілердің мәліметінше, Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінің қос қызметкеріне қатысты тергеу ерте аяқталғанымен, соттың болатын уақыты бір ай бойы кейінге шегеріліп келді. Себебі, істі қарайтын судьяның науқастануына байланысты уақытты соза тұру керек болыпты. Ал мемлекеттік айыптаушыны Астанадағы бас әскери прокуратурадан алдырған.

Сот отырысына шақыртылған куәгерлердің барлығы дерлік лаңкестік оқиға болған күні бөлімде болған жауынгерлер. Оларды процесске саппен жеткізді. Алғаш болып сөз алған прокурордың айтуынша, әскери бөлімде кезекшілікке жауапты қос майор содырлар шабуыл жасағанда өз бастарын ойлап тұра қашқан. Олар ең алдымен дәретханаға тығылыпты.

"Тастанбеков бесінші маусым күні, қарулы топ 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған кезде өз өмірін ғана ойлап, қызметтік жарғы ережелерін бұзған. Ол бөлімшелердің кезекшілеріне есіктерді жабу туралы бұйрық бермей, дәретхана терезесі арқылы көмекшісімен қаша жөнелген", - деді мемлекеттік айыптаушы Төреғали Бәкіров.

Сол күні кезекшілер отырған штабқа бас сауғалап кірген 3 жауынгер де содырлар оларға бет алғанда дәретханаға тығылғандарын жасырмайды. Тіпті атыс аяқталғанша дейін отырған. Бірақ майор Тастанбеков пен Оразжановтың қолдарына тапанша ұстаған күйі қайда кеткендерін білмей қалыпты.

"Сақалдылар" басып кірді деді. Майор Тастанбеков айтты. Сасқалақтап қалдық бәріміз. Не істерімді білмей қалдым", - дейді олар.

Ал әскери бөлімнің кезекшісі Қайнарбек Тастанбеков тағылған айыппен келіспейді. Ол керсінше жауынгерлерді жасырып, құзырлы органдарға дабыл қағумен болғанын айтады.

"Дәретхана терезесінен секіруімнің себебі бар.Секіріп шығып дабыл беруім керек болды. Байланыс торабына құстай ұштым. Бір қолымда пистолет, бір қолымда ұялы телефон болды", - деді айыпталушы Қайнарбек Тастанбеков.

Ал Тастанбековтың көмекшісі майор Қайырғали Оразжанов жарғыны ойлауға мұршасы болмаған. Ол кінәсін мойындап отыр. Дегенмен, әлі он шақты жауынгер лаңкестік оқиғаға байланысты куәлік етулері керек. Оның қаншаға созылатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, бесінші маусым күні экстремистердің қолынан сол әскери бөлімде майор Даниел Майлыбаев пен офицер Берік Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза тапқан болатын. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети