22 қаңтар 2021 17:31

Лауазым үшін екі миллион теңге: Жамбыл облысында шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com, фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фото: elements.envato.com, фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Жамбыл облысы Еңбек комитетінің департамент басшысы жұмыста лауазым көтеруге көмектескені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысы Еңбек комитетінің департамент басшысы жұмыста лауазым көтеруге көмектескені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салушылық күдігі бойынша өзінің қарамағындағы қызметкерден оны департамент басшының орынбасар лауазымына тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін екі миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдіктінің ісі сотқа жолданды. Түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети