1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Лифтте дәрет сындырған астаналық жазаланды 29 қаңтар 2019, 11:01

Астанада ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі лифтте дәрет сындырғаны видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі лифтте дәрет сындырғаны видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Астаналық полицейлер 26 қаңтарда Иманов көшесіндегі үйлердің бірінде лифт кабинасында дәрет сындырған ер адамды анықтады. Ол қоғамдық жерді ластап, тәртіп бұзып, басқа адамдарға құрметсіздік танытқан. 26 жастағы ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен оған 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды.



Join Telegram