1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

LRT құрылысындағы ақша жымқыру ісі: сот басталды 20 қазан 2020, 18:46

Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезіндегі ақша жымқыру дерегі бойынша алдын ала тыңдалым аяқталды. Іс елордада Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезіндегі ақша жымқыру дерегі бойынша алдын ала тыңдалым аяқталды. Іс елордада Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іс бойынша жеті адамға айып тағылған. Олардың ішінде елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, Astana Innovations АҚ басқармасының экс-төрағасы Талғат Әшім, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов және Дәурен Әбдіхамитов бар.


Күдіктілер

Оларға қылмыстық ұйым құрып, оларға басшылық етті (Қылмыстық кодекстің 262-бабы) және сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, талан-таражға салды (Қылмыстық кодекстің 189-бабы) деген айыптар тағылған. 

Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 29 қазанға жоспарланды. 

Былтыр қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне LRT құрылысы бойынша тергеуді жандандыруды тапсырған болатын. 

Артынша, бұл қылмыс бойынша 10 күдіктінің үшеуі іздеуде жүргені хабарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!