03 қараша 2021 11:18

ІІМ басшысы "17 адамнан зорландым" деген оқушының ісі туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/©astanatv.kz Видео кадры/©astanatv.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "он жеті ер адамнан зорландым" деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "он жеті ер адамнан зорландым" деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, бір күн болған жоқ. Операция кезінде ол табылып, анасына қайтарылды. Сол күні ешқандай арыз, шағым болған жоқ. Бір күн өткен соң, арыз түсті. Содан кейін қыздың анасы өтінішінен бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адамның зорлағаны туралы мәлімдеме пайда болды", - деді Тұрғымбаев Мәжіліс сыртында.

Ол жаңа өтінішті полиция тіркегенін айтты.

"Тексеруге міндеттіміз және жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Осы тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді ол.

Еске салайық, Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын бірнеше ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын. Жантүршігерлік оқиға биыл маусымда болған, бірақ енді ғана жария болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети