31 қазан 2021 17:30

Сарыағашта әйел қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Сарыағаш ауданында ана қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сарыағаш ауданында ана қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Сарыағаш ауданында 17 ер адам қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Журналист Амангелді Батырбеков әйелдің редакцияға жазған үндеуін жариялады.

Полиция әйелдің өтініші бойынша түсінік берді.

"Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға 25 мамырда жүгінген. Ол 17 жастағы қызын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін мәлімдеді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша СДТБТ-де тіркелді. 2004 жылғы қыз жұмысқа барып, кейін жоғалып кеткені анықталды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шарасын жүргізді, нәтижесінде оны бір тәулік ішінде тауып, ата-анасына қайтарды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Бір аптадан кейін, 31 мамырда, әйел тағы да полицияға барып, ұрлық дерегі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтініш жазған.

"10 маусымда ауыл тұрғыны полицияға қайта жүгінді. Бұл жолы бір топ адам, атап айтқанда 17 ер адам қызын зорлағанын мәлімдеді. Бұл өтініш ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ, жәбірленушінің анасы қызының киімін өртеп жібергені анықталды. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады", - деп толықтырды аймақ полициясының баспасөз қызметіндегілер.

Бүгінгі таңда соталды тергеумен облыстық ПД тергеу басқармасы айналысып жатыр. Сараптама кешені тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша заңды процестік шешім шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети