1. Басты
  2. Біл
  3. Қылмыс

ІІМ ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан тапаншаларды ұрлаған адамның есімі жарияланды

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясынан Макаров 10 тапаншаны ұрлаған адамға қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"16 мамырда ұрланған тапаншаларды жедел-тергеу тобының мүшелері ҚР ҰҚК ШҚ академиясында әскери борышын өтеп жүрген ефрейтор, 18.08.1986 жылғы Әліпбеков Бақытжан Нақыпжанұлынан тәркіленді. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы, 1-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") бойынша іс қозғалған", - делінген ҰҚК шекара қызметі академиясының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Тергеу құпиялылығына байланысты басқа да мәліметтер жарияланбайтыны жазылған.