01 қазан 2015 10:20

Мәңгілік алауды талқандаған ақтөбелік студент жазадан құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Ақтөбе колледжінің 18 жастағы студенті Мәңгілік алауды талқандағаны үшін жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды "Диапазон". Сот оны қылмыстық жазадан босатты, себебі зардап шегуші тарап жігітті кешірген екен.


Ақтөбе колледжінің 18 жастағы студенті Мәңгілік алауды талқандағаны үшін жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды "Диапазон". Сот оны қылмыстық жазадан босатты, себебі зардап шегуші тарап жігітті кешірген екен.

Айта кетейік, 24 сәуірде Владимир Виноградов түнде сүйіктісімен кездескеннен кейін үйге қайтар жолда бір литр арақ пен төрт шөлмек сыра ішкен. Ескерткіштің жанынан өтіп бара жатқан ол металл тіреуішті құлатқан. Содан кейін Мәңгілік алауды қиратуды жалғастырған - шамдарды шақты, жұлдызды сындырды, қала атауларындағы бірнеше әріпті жұлып тастады.

Студент сол түні ұсталды. Мердігер "Интерстиль" ЖШС шығынды 159 мың теңгеге бағалады, ал ТКШ - 295 мың теңгеге. Сот отырысы кезінде Виноградов сол түнде болған оқиғалардың есінде жоқ екенін айтты, себебі мас болған. Оның анасы баласы үшін кешірім сұрап, үкімге дейін барлық шығынды өтеп беруді уәде етті. Айта кетейік, студенттің отбасы зардап шегуші тараппен келісіп, шығынды төлеп берді. Сот екі тараптың келісімге келуіне байланысты істі жапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети