12 ақпан 2021 09:31

Маңғыстау облысында қамауға алынған басшының туыстары Президентке үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамал Жаманбаева. © lada.kz Жамал Жаманбаева. © lada.kz

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының туыстары Президенттен жағдайдың мән-жайын анықтауға көмектесуді сұрады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының туыстары Президенттен жағдайдың мән-жайын анықтауға көмектесуді сұрады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамал Жаманбаева қызметтік лауазымын теріс пайдаланып, мемлекетке 63 миллион теңге шығын келтірген деп айыптады.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, дәрігердің жерлестері және туыстары бұл айыптаумен келіспейді. Науқастар акушер-гинеколог қызметіне алғысы шексіз екенін айтады, ал әріптестері оның қарапайым, іскерлік қасиеттері туралы жақсы пікірде. Туыстарының айтуынша, тамыз айында денсаулық сақтау басқармасы басшысы әкімдіктен рентген аппараттарын жедел сатып алуға өтініш алған. Коронавирус инфекциясы өршіп тұрған уақытта шенеунік үш айда жеткізілетін отандық жабдықты емес, 20 күнде жететін импорттық құрылғыны сатып алған. Айыптаулардың басты себебі осы, дейді туыстары.

"Олар XX ғасырда қолданылған рентген аппаратын сұратқан. Бірақ сатып алынған аппарат цифрлық технологиялары бар, қазір өңірдің үш ауруханасында жұмыс істеп тұрған құрылғы. Біз Қазақстан Республикасының Президентінен осы жағдайды анықтап, әпкемізге көмектесуін сұраймыз", - дейді әпкесі Алина Жаманбаева.

Сонымен қатар, дәрігердің туысы әпкесі коронавирус жұқтырып, өкпесінің 75 пайызына зақым келгенін айтты. Тергеу изоляторында күдіктінің денсаулығы нашарлап кеткен. Бұған дейін адвокаттар Жаманбаеваны үй қамауына алуды сұраған еді. Бірақ сот өтінішті қабылдамады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети