02 шілде 2014 13:21

Маңғыстау облысында шенеунік парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім жетекшісі пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 маусым күні Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері "Маңғыстау облысы табиғи ресурстар дәне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бөлім бастығы Ө.Өтегенді ұстады. Оған К. деген азаматтан 1 млн теңге, яғни Қошқар ата қалдық сақтау орнын қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жөнінде жасалған келісім сомасының 3%-ы көлемінде пара алды деген күдік келіп отыр", - деп хабарлады департамент өкілдері. Шенеунік бұл сомаға орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға жәрдем беруге және келешекте қорған болуға уәде етіпті. 

Ұсталған күні Өтегенге қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 30 маусым күні ол соттың санкциясымен тұтқындалды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети