04 желтоқсан 2020 16:17

Маңғыстау облысының тұрғыны полиция көлігіне оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: business-gazeta.ru Фото: business-gazeta.ru

Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғыны полиция көлігіне оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысының 25 жастағы тұрғыны полиция көлігіне оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Атырау облысы Жылыой ауданы Майкөмген ауылының маңында түнгі сағат бір шамасында болған. Өңірдегі полиция қызметкерлері күдіктілерді "Нива" көлігімен қуған. Осы сәтте олар тәртіп сақшыларына бірінші болып, оқ атқан.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары "УАЗ 390945-441" көлігін тоқтатуға тырысқан. Алайда жүргізуші талапқа бағынбаған. Кейін полиция көлікті қуған. Осы сәтте көліктегі жолаушының бірі полиция көлігіне оқ атқан. Тәртіп сақшылары ескерту ретінде тапаншадан оқ атуға мәжбүр болған. Кейін көліктің дөңгелегіне оқ ата бастаған. Осыдан соң "УАЗ " көлігі тоқтаған.

"Ер адам ұсталды. Ол - Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының 25 жастағы тұрғыны. Одан 16 калибрлі тіркелмеген "ИЖ" аңшылық қаруы тәркіленді", - дейді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Облыстық полиция департаменті қаруды өте сирек қолданатынын, бұл факт жыл басталғалы бері өңірде қару қолданылған алғашқы дерек екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети