Маңғыстаудағы 8 жастағы қызды зорлады делінген күдіктінің ұсталып жатқан сәті видеоға түсірілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© youtube.com/Tumba Kz © youtube.com/Tumba Kz

Маңғыстау облысындағы 8 жастағы қызды зорлады делінген күдіктінің ұсталып жатқан сәті түсірілген видеоны марқұмның туыстары Тумба.kz порталына тапсырды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысындағы 8 жастағы қызды зорлады делінген күдіктінің ұсталып жатқан сәті түсірілген видеоны марқұмның туыстары Тумба.kz порталына тапсырды. 

Кадрдан жас жігіттің қолының кісендеулі екенін байқауға болады. Оның бет-аузы мен қолы қанға боялған. Күдіктінің қасында камуфляж формасын киген адам отыр.

"Екі күн бұрын қызымызды жерледік. Қазір ауыл тұрғындары қылмыскерді аяусыз жазалауды сұрап отыр. Біз оны 8-10 жылға ғана соттай ма деп қорқамыз, кейін жақсы тәртібі үшін шығарып жіберуі де мүмкін. Сосын ол осындай істерін жалғастыратын болады", - деді қайтыс болған қыздың туысы Фатима Елубаева.

Оның айтуынша, қыздың туыстары Қазақстанның Президентіне өтініш жазып, педофилдер мен балаларды өлтірген қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұрады. 

Басылымның хабарлауынша, Сай-Өтесте осыған ұқсас жағдайлар көптеп болып тұрады. Екі жыл бұрын өзінің үш қызын кезекпен зорлап келген ер адам ұсталды. Төрт жыл бұрын да осындай жағдай болған. "Ол кезде мас ер адам ауылдың вокзалынан 12 жастағы қызды айдалаға күштеп әкетіп, бірнеше сағат бойы зорлаған. Ол сол күні вокзалда ұсталды", - деді Фатима Елубаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткені хабарланған болатын. Қыздың туыстарының айтуынша, үйдің ауласында серуендеп жүрген қыз кешке үйге оралмаған. "Оның денесі сарайдың жанынан табылды. Біздің көргеніміз бойынша, оны зорлаған, кейін аузына топырақ салған, ол содан тұншығып өлген", - деді қыздың туыстары.

Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы ауылдың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт төрт рет үйленген. Оның әйелі мен үш қызы бар.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer