28 ақпан 2022 17:44

Мәскеуде қазақстандық ММА файтеріне оқ атқан күзетші ұсталды - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HFC MMA © HFC MMA

Мәскеуде қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клуб күзетшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Мәскеуде қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клуб күзетшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейлік журналист Игорь Лазориннің айтуынша, 38 жастағы күзетші Максим Пахомов ұсталған. Сот жақын арада оған бұлтартпау шарасын таңдайды.

Еске салайық, 6 ақпанда қазақстандық спортшы көлік тұрағында атылған оқтан зардап шеккен еді. Ол спортзалға абонемент сатып алуға келген. Фитнес-клуб қызметкеріне файтердің көлікті дұрыс қоймағаны ұнамаған. Содан кейін күзетші спортшыға бірнеше рет оқ атқан.

Дәрігерлер зардап шеккен адамға кеуде, иық және белінен бірнеше оқ жарақатын алған деген диагноз қойған.

Кейінірек алты оқ тиген файтер Мәскеу орталығындағы шабуылдың жай-жапсарын айтып берді.

Дүйсембаев әуесқой ММА-да өнер көрсетеді. Ол еркін күрестен жекпе-жекке қатысады. Файтер жеті жекпе-жек өткізген, екеуінде жеңіп, төртеуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен. Бағдат TOPDOG лигасының жекпе-жектерінде де өнер көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети