Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Майкеевті қамау мерзімі 9 сәуірге дейін ұзартылды

19 Ақпан 2014, 17:23
0
Бағдат Майкеев (ортада). ©Tengrinews.kz
Бағдат Майкеев (ортада). ©Tengrinews.kz
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевті тұтқындау мерзімі 9 сәуірге дейін созылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Дәулет Молдабаев Майкеев Бағдат Әбдіқадырұлын тұтқындауға 2014 жылдың 9 сәуіріне дейін санкция берді", - деп хабарлады Tengrinews.kz-ке Әскери соттың баспасөз хатшысы Аманкелді Жұлқайнаров.

12 ақпан күні Ақмола гарнизонының әскери соты вице-министрді 20 ақпанға дейін тұтқындау туралы санкция берген болатын. Сол кезде прокурор Майкеевке аса ауыр қылмыс жасады деген күдік келіп отырғанын айтқан еді.

Еске салайық, жоғары лауазымды шенеунік ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-бөлігі бойынша айыпталып отыр, бұл - "Аса ірі көлемде пара алу". Ұсталған генерал-майор журналистерге өзін арандатудың құрбаны болғанын айтты. "Мен бұл ақшаны көрмедім, олар мені жолдан тоқтатты, маған әріптесім қоңырау шалды, кездесуді ұсынды, сол кезде біреу автокөлігіме сөмкені салып жіберген, мен онда не бар екенін білмедім", - деген болатын Майкеев.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай