Монополист тарифті көтеріп, джип мініп алған

04 Ақпан 2014, 17:36
0
Монополист тарифті көтеріп, джип мініп алған - ©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы
Қызылорда облысында қызмет көрсететін электр тасымалдаушы компанияның біреуі тарифті көтеру арқылы қымбат джип сатып алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат Оспановқа сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, Қызылорда облысында жұмыс істейтін "Шиелі Жарығы" ЖШС-ні тексеру кезінде тарифті көтеру арқылы 11 миллион теңгенің джипін сатып алу фактісі анықталды. "Осыдан кейін біз аталған соммаға тарифті төмендеттік", - деп мәлім етті М.Оспанов Парламент Мәжілісінің мәдени-әлеуметтік даму комитетінің отырысында.

Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, бүгінде электр энергия нарығында делдалдармен күрес жұмысы жан-жақты жүргізіледі. Соңғы төрт жылдың ішінде олардың тариф саласындағы үлесі біршама азайды. Ал электр энергиямен қамтамасыз ететін компаниялар ел заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы 2,2 млрд. теңгеге айыпталды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай