19 ақпан 2014 09:59

Мұғалім әйелін оқушылардың көзінше пышақтап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр КТК телеарнасынан алынған Кадр КТК телеарнасынан алынған

"Шымкент тұрғыны қызғаныштан мұғалім болып істейтін әйелін оқушыларының көзінше пышақтап тастады" деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ауруханада ота жасатып келіп, үйінде емін жалғастырып жатқан 48 жастағы мектеп мұғалімі Барно Исраилованың көңілін сұрауға келген оқушылары қатыгездікпен адам өлтіру оқиғасының куәсі болды. Күйеуі әйеліне 20 рет пышақ жарақатын салған. "Мен оның мұғалімнің ішінен бір соққанын көрдім, сосын үйден шығып кеттім. Оның не істегелі жатқанын білген жоқпын. Мен алғашында есеңгіреп қалдым, содан соң біз бәріміз қашып кеттік", - дейді алтыншы сынып оқушысы Дәурен Досматов. Балалар үйден жалаң аяқ қашып шыққан, олар болған оқиғадан бірнеше күн естерін жия алмай жүрген. Өмірлерінің 26 жылын бір шаңырақ астында өткізген Барно және Шавкат Исраиловтар үш бала тәрбиелеп өсірген. Ұлы мен қызы әкесінің үнемі аналарын ұрып-соғып, жылатып, қорлап келгенін айтады. "Анам әкеме: сенің алдыңда арым таза, еш кінәм жоқ. Бар қорлығыңа балаларым үшін шыдап келем дейтін. Осылай десе де, ол анамды пышақтап өлтірді", - дейді марқұмның қызы Севара Исраилова. Әйелін өлтірген қанішер полиция мен жедел жәрдемді өзі шақырған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Балалары қанішер әкеге қатысты қатаң жаза қолданылады деп үміттенетінін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети