Мүгедек қызды зорлаған маңғыстаулық 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мүгедек қызды зорлаған маңғыстаулық 10 жылға сотталды © Dpomsk.ru

Мүгедек қызды зорлаған маңғыстаулық ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Тумба.kz. Жасөспірім қыздың зорланғаны туралы ақпарат 2015 жылдың ақпанында пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мүгедек қызды зорлаған маңғыстаулық ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Тумба.kz. Жасөспірім қыздың зорланғаны туралы ақпарат 2015 жылдың ақпанында пайда болды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот ҚР Қылмыстық Кодекстің "Адам зорлау" бабы бойынша маңғыстаулыққа үкім шығарды. "Қылмыс болған күні ер адам шаңсорғышты жарнамалау үшін кәмелеттік жасқа толмаған қыз тұратын пәтерге келеді. Бала күнінен мүгедек қыздың шарасыз қалпын көрген ол қызды шешіндіріп, зорлады", - деді Маңғыстау облысы Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Айдар Тіленов. Айта кетейік, сотта ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ. Соттың шешіміне ешкім шағымданбады.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың мамырында Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға Ақтаудан 285 шақырым жерде орналасқан Сай-Өтес ауылында болды. Қыздың туыстарының айтуынша, үйдің ауласында серуендеп жүрген қыз кешке үйге оралмаған. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы ауылдың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт төрт рет үйленген. Оның әйелі мен үш қызы бар.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети