Мүсілім Өмірияев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

viewings icon 248 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация ©Tengrinews Иллюстрация ©Tengrinews

Мүсілім Өмірияевке мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залынан. Судья бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияевке қатысты атышулы істің соңғы нүктесін қойды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мүсілім Өмірияевке мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залынан. Судья бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияевке қатысты атышулы істің соңғы нүктесін қойды.

Сотталушының тұлғасын, мінсіз қызмет туралы тізімін, қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды жеңілдететін жағдаят - асырауында кәмелет жасына толмаған төрт баласының болуын ескере отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабында қарастырылған бас бостандығынан айыру жазасы ең төменгі мөлшерде белгіленді. "Өмірияев Мүсілім Тайырұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 5-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылсын және мүлкін тәркілеу арқылы қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Өмірияев Мүсілім Тайырұлы мемлекеттік лауазымда болу немесе жергілікті басқару құқынан 7 жылға шеттетілсін. Өмірияевке қатысты бұлтартпау шарасы сот үкімінің орындалуына дейін қамау күйінде қалсын", - деп үкім айтты судья Ербол Рахымбеков. 

Процесс БАҚ-тың ерекше назарында болғандықтан үкім шығару Астана қалалық сотының үлкен залында өтті. Мүсілім Өмірияевті қолдауға оның туыстары мен жақындары келді. Соның ішінде, оның бұрынғы әріптесі, мал шаруашылығы департаментiнiң басшысы Мақсұт Бақтыбаев бар, ол өткен жылы пара алу күдігі бойынша Өмірияевпен бірге ұсталған болатын.

Соңғы отырыстардың біріндегі тараптарды қатар тыңдау кезінде мемлекеттік қызметкер Өмірияев Мүсілім Тайырұлын ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауға айыпты деп тануды және мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Мүсілім Өмірияев соттан әділетті үкім шығаруды сұрады. Ол алғашқы кезден өзіне тағылған айыпқа келіспейтінін және кінәсін мойындамайтынын мәлімдеген еді.

"Соңғы сөзімде мен тергеудің ең алғашқы сәтінен бастап, пара алудың негізгі нұсқа ретінде қаралғанын айтқым келеді. Тергеудің бәрі пара алу дерегін негіздеп әкелуге және дәлелдеуге бағытталды. Біреудің ниетімен немесе біреудің қатал еркімен жасалмаған әрекет үшін жазаланғаннан артық реніш пен азап жоқ. Сондықтан, Құрметті сот, істің барлық мән-жайын ескере отырып, Сізден әділетті үкім шығаруды сұраймын", - деді Мүсілім Өмірияев 2014 жылдың 13 қазанында.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты сот ісі осы жылдың қыркүйек айында басталды. Мүсілім Өмірияев аса ірі көлемде пара алу бойынша айыпталды. 2013 жылдың 21 желтоқсанында Мүсілім Өмірияев аса қомақты мөлшерде, 100 мың доллар сомасында пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сол уақытта тергеу жоғары лауазымды шенеуніктің Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген мемлекеттік сатып алу конкурсында алматылық кәсіпкерге көмектескен деген нұсқаны ұсынған.

Одан соң куәгер Олег Ермолаев сотта Алматы қаласынан Астанаға Мүсілім Өмірияевке екі мәрте ақша салынған қап әкеліп бергенін айтты. Бірақ Ермолаев бұл қаржының қандай мақсатта және қайдан алынып жатқанын білмейтінін жеткізді. Ал сотталушы болса, 100 мың доллар ақшаның пара емес, қарызға алынған қаржы екенін айтқан еді.

Айта кетейік, сот отырысына куәгер ретінде оның әріптестері қатысқан, олар ведомство үшін оның қамауға алынғаны күтпеген жағдай болғанын мойындады. Тіпті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің өзі де өз құзырындағы адамның кінәлі екеніне сенбеген. Қаржы полициясы Мүсілім Өмірияевті қамауға алған соң Асылжан Мамытбеков әлеуметтік желідегі жеке парақшасына болған жайтты арандату деп санайтынын жазған. Бірақ егер сот Өмірияевтің ісін дәлелдесе отставкаға кететінін айтты.

Сотта ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева да сөз сөйледі. Ол Өмірияев вице-министр болып тұрып, аусыл ауруына қарсы вакцина сатып алу бойынша тендер өткізуге араласқаны жайлы дерек туралы білмейтінін айтты.

Мүсілім Өмірияев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне 2011 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. Бұған дейін ол әр жылдары "Русские фермы" халықаралық қорының бас директоры, Алматыдағы "Южный центр" ЖШС қаржы директоры, "Президент әкімшілігі мен үкіметтің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК директоры, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
22°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю